Келер күннің, күткен алда өзіңсіз
Бұл бетте «Келер күннің, күткен алда өзіңсіз» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Келер күннің, күткен алда өзіңсіз,
Бітпей қалған туындыдай құны бар.
Сен, - деп соққан жүрегім де керексіз,
Кетеріңде тамырымен жұлып ал.
Шабытымның бал шарабын мол татып,
Талай жаздым, сезімімді ұлықтап.
Жанарымның жалынына тұтатып,
Өртеуді де өлеңдерді ұмытпа.
Туса - тусын, ылғи Айың оңыннан,
Жадырасын жағаласып Жер мен Көк.
Айтса - айтсын, жазса - жазсын соңымнан,
Махаббаттың майданында өлген, - деп.
Ержан Қабышұлы Қабанбай
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі