Қарындаштың тұқылы – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Қарындаштың тұқылы» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 573
Қырық тиындық бұл қызыл қарындаштың
Ұшы кезді сансыз мың жолдың астын.
Кей жерлерін мақұлдап, кейбір жерді,
Деп сызады «бұл тұста жаза бастың».
Кітаптан, қолжазбадан мыңдар жолды
Бойлай жортып, кең шарлап оңды-солды,
Шау болған қарт қырандай, тобан аяқ
Таусылып, міне бұл да тұқыл болды.
Тоздырмақ заман ұшы, жүзі барды.
Талай суып, талайлар қызуланды.
Бұл да солай өзгеріп, тек, жасаған
Белгісін көрсететін ізі қалды.

1948


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарындаштың тұқылы өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Қарындаштың тұқылы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарындаштың тұқылы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарындаштың тұқылы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері