Жонып алды
Бұл бетте «Жонып алды» атты Біржан сал Қожағұлұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аты еді бұл әнімнің «жонып алды»
Алғандай сұлу жонып өрім талды.
Жасымнан сүйіп айтқан ән болған соң,
Жаңылмай әлі күнге есте қалды.
Жан едім, әсем әнді сүйіп айтқан,
Жағымды көпке бірдей, жұрт ұнатқан.
Келетін нақысына жүз құбылтып,
Кейде өрлеп, кейде шалқып, баяулатқан.
Кім сүймес көкке өрлеген әсем әнді,
Көңілдің күйін шерткен көркем-сәнді,
Болғандай бойға қуат, ойға азық,
Балқытып еріткендей тербеп жанды.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі