Өлең, жыр, ақындар

Қырғызда

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 710
Дүниеге «қазақ» боп басқалы адым,
Араласа бірге өстім саған қаным.
Бірге көштім, үйімді қатар тіктім,
Бірге жайлап оттады баққан малым.
Бірге іштім «Шуын,» менен «Таласыңды».
«Ару» беріп алдым мен «Аяшыңды».
Сен жырласаң «Қамбар» мен «Тарғынымды»,
Мен жырладым «Семетей», «Манасыңды»
Қайғыға, қуанышқа болдық ортақ.
Жауды қарғап бірге өстік, досты алқап.
Бай мен манап ірітпек болғанменен
Жұбымызды нығайттық, кетпей тарқап.
Көтеріп ауырлықты нелер бірге,
Советтік, жеттік, міне, бақыт .күнге,
Алпыс ұлт, коммунизм бақшасында
Жайнадық түрлі түсті ұқсап гүлге.
Гүлденді тауымыз да, даламыз да.
Гүлденді ауылымыз, қаламыз да.
Жеткізген бұл бақытқа, мың сан алғыс,
Коммунистік партия — анамызға!

1951



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Денсаулық жайы

  • 0
  • 0

Күн сылбыраң, жердің жүзі іріп тұр,
Қарлы жаңбыр бетке аралас ұрып тұр.
Ауыл үйлер шошалада, күн суық,
Жел де азынап аш қасқырдай ұлып түр.

Толық

Елу

  • 0
  • 0

«Елу» деген осы ма? Мұның несін
«Қартайдым» деп қайғырған Абай ағай?!
Өмір маған жайнатып бар бейнесін,
Жан-жағымда жанып тұр самаладай.

Толық

Кітапхана

  • 0
  • 0

Міне, түнгі сағат төрт. Үйдің іші
Шырт ұйқыда. Көшеде жүрген кісі
Естілмейді. Тымық түн. Жаз. Сайрайды
Тереземнің алдында бұлбұл құсы.

Толық