Сара Есоваға – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Сара Есоваға» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 713
(60 жасқа толуына)

Мен көргенде бойжеткен қыз едің сен,
Сырттай емес, іштей бой түзедің сен.
Мұқалмас марксизм қайшысымен
Аяусыз ескілікті күзедің сен.
Лениннің шықтың солай бір қызы боп,
Ол салған даңғыл жолдың бір ізі боп.
Қазақтан алғаш шыққан коммунистка
Үркерінің бір жарқын жұлдызы боп.
Дүние тік биік шың тасы тайғақ,
Өрлейді біреу шапшаң, біреу жайлап.
Сол шыңға қиындықпен шығуыңа,
Ағы көп қарасынан шашың айғақ.
Шашыңның сыр көп әрбір қылшығында,
Мысалы, Ораз саған аз шығын ба?
Болмаса екі ұлың, бұл қайғыдан,
Әзір ең сол уақытта тұншығуға.
Ержетті олар қазір кісі болып,
Ораздық өзі емес, түсі болып.
— Шалынса ел көзіне, қатал тағдыр,
«Иіу — деп — көз жасыңды» түсінелік.
Уа, Сара, адам Сара, ана Сара!
Бұтақсыз соя ағаш жараса ма?
Өркендеп жылдан-жылға жемістерің,
Түп-түгел аман болсын бала-шаға!
Солардың бойға жинап бар қызуын,
Жақ түсіп, жас жеткенше көр қызығып!
Осындай пак тілекпен қолын қатты
Қысамын большевичка — ел қызының.

1963


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері