Көңлiмде күн батып, кеш кiрдi
Бұл бетте «Көңлiмде күн батып, кеш кiрдi» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көңлiмде күн батып, кеш кiрдi,
Тәттi мұң тербесiн.
Жабықсын...
... Ар жақтан дауысың естiлдi,
Ауылдан сен келiп қалыпсың.
Сағыныш...
Арада сым ғана,
Басталды әдемi әңгiме.
Осылай сөзiмдi тыңда да,
Отыра бершi сен мәңгiге.
Сен тыңда, мен сөйлей берейiн,
Айтатын жаңалық көп менде.
Қиялға iлесiп жөнейiн,
Екеумiз кездескен көктемге.
Әзiл де табамын сен үшiн,
Жымиып, күлiп қой, қылықтым.
Сағынып қалыппын сенi шын,
Өзiмнен жасырып жүрiппiн.
Аққуым, қондың ба айдынға,
Жаныңа нұр сеуiп, күлсiн күн.
... «Жақсы» деп тұтқаны қойдым да,
Iшiмнен қатты бiр күрсiндiм...
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі