Мен дей бер – Есей Жеңісұлы

Бұл бетте «Мен дей бер» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 678
Жалығып әбден жүрiстен мынау қаптаған,
Жантая түсiп, жатқанда тынып от-қалам.
Аялдамада тұрса егер бiреу қарамай,
Автобустарға ыңырсып келiп тоқтаған...
Күндiзгi барлық қуаныштарды жалғап бақ,
Алаңда, сыртта шырқалған кезде ән қаптап.
Би кештерiне, гүл-аруларға бас шайқап,
Бара жатса егер бiреу аяңдап, аулақтап...
Дос жүректердiң сәтi кеп нарқы өлшенер,
Қоштасар кезде жанардан құлап, тамшы өлер...
Қос ғашық жанды шығарып салып алысқа,
Сол бiреу жалғыз перронда тұрып қалса егер...
Ығына тартып беймаза мынау тiршiлiк,
Өрт болған жерге жатқанда қайта гүл шығып,
Сәкiде ыстық сүйiскендерге бiр қарап,
Егер сол бiреу баратса үнсiз күрсiнiп...
мен дей бер...
Өйткенi...
жалғыз жүргенiм батпас деймiсiң жаныма,
Жалғыз өрледiм өзiме биiк тауыма.
Күндердiң күнi жалғыздығымнан құтқарар,
Отырып менiң сезiмiме тән тағыма,
Сағыныштарға ғашықпын...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері