Бұл бетте «Бүгiн сенiң туған күнiң» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бүгiн сенiң туған күнiң...
Сыртта құйып тұр жауын.
Терезеге жақын келiп, жаңбыр үнiн тыңдадым.
Тамшы асығып, тырс-тырс тамып, салып жатыр есiме,
Өткен күндер ырғағын.
Ғұмыр кешiп жатырмыз бiз адам айтса сенгiсiз,
Бiр күнiңнiң алданышы бiр күнiңе бергiсiз...
Тасқа сiңген тамшы сынды iзi де жоқ сол күндер,
Қалай өттi, белгiсiз.
Бiрде сен де тауысып ең көңiлiмнiң тағатын,
Ақ таң күлiп сен деп атып, сағат сен деп соғатын.
Таяп тұрып, табыса алмай кеткен шақта екеумiз,
Ақ қар жатқан болатын.
Содан берi жүрек үнiн мылқау етiп, тiлсiз ғып,
Махаббат деп жазылатын кие сөздi бiр сыздық.
Содан бер сөндi бәрi, екеумiз де бөтенбiз,
Содан берi... үнсiздiк.
Сол шақтарды еске алуға ақылдың жоқ түк халi,
Бiз өмiрдi түсiнбедiк, өмiр бiздi ұқпады.
Бүгiн сенiң туған күнiң...
Мен құттықтап қояйын,
Өзiң көтер тұтқаны...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі