Аршаның иiсi, аршаның
Бұл бетте «Аршаның иiсi, аршаның» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аршаның иiсi, аршаның,
Шөлiркей жұттым, тамсадым.
Ұмыттырдың да жiбердiң,
Күнiмнiң әуре-сарсаңын.
Үйiме қайдан келгенсiң,
Қиядан, әлде өрденсiң?..
Аңқыған сенiң жұпарың
Кеудеме менiң дем берсiн.
Мiнеки, менiң тұрмысым,
Ешкiмге болмас үлгi шын.
Аядай менiң бөлмемдi,
Бәледен сақтап тұрмысың...
Тiрлiктiң тұтқан қармағын,
Адамдар толы жан-жағым.
Солардан менi адаспай
Жөн болған тауып алғаның.
Аршаның иiсi, аршаның,
Ұмытылды шын шаршауым...
Шоқтанып тұрып арша өскен,
Көк қия, сенi аңсадым...
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі