Кiм бiледi?
Бұл бетте «Кiм бiледi?» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кiм бiледi?..
Табиғаттың өз заңы өктем шығар...
Бүгiн бiрақ сәуле жоқ көктен сынар –
Мезгiлсiздеу қонақ боп келсе-дағы,
Сүп-сүйкiмдi жауып тұр көктемгi қар.
Кiм бiледi?..
Табиғат та өзiнше жарым көңiл,
Сағат санап, күн санап ағуда өмiр.
Ерте көктем ақ қар боп амандасты,
Жас-жаңбырын жасырып ағыл-тегiл.
Кiм бiледi?..
Табиғатқа тән емес пендешiлiк,
Өз уағымен әр мезгiл төрге шығып...
Бiр толқытып көңiлдi көктемгi қар,
Тамшы болып кетедi жерге сiңiп.
Кiм бiледi?..
Табиғат та жаңылар ырғағынан,
Көктемгi қар... сыр емес, мұң жамылған.
Қыста – жауын, жаз күнi қар аңсайтын,
Бiздiң көңiл – бiр тамшы жылға қуған...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі