Өлең, жыр, ақындар

Көктем. Қой кезек

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 907
Маңымыз – таспа соқпақ, сайраған iз,
Шертiлiп қайдағы сыр, қайдағы аңыз,
Көктемде Рүстем ағам екеуiмiз,
«Құлағанжар» үстiнде қой бағамыз.
Кеуденi кернеп керiм көңiлдiлiк,
Жатады тас та балқып, өңiр күлiп.
Екеумiз әңгiмеге кiрiсемiз,
Қой кетер күнгей қырдың көгiн қуып.
Астына аткөрпенi төсеп алып,
Қос батыр бөстекi сөз бөседi анық.
Екеуi батырлықтың ауылына,
Келедi неше жетiп, неше барып.
Қарашы ендi мына масқараны,
Аз едi ауыл-үйдiң басқа дауы –
Қой алды қарағайға кiрiп қалған,
Бiттi ендi, ит-құс қазiр бас салады...
Жас төгiп, сыңсып жылай баста, мейлi,
Ит-құсың саяқ малды қашса жейдi!
Ыза боп, жыламсырап тұрған маған,
Рүстем «қорықпағын, саспа» дейдi.
Ағатайым қолына ойнатып ап,
Лақтырады аспанға, айға тұмақ,
Киiмнен, қиқулаған үннен үркiп,
Иiрiлiп қалатын қой да ақымақ...
Осылай өте шыққан бiр күн қандай,
Қалғандай ойын қанбай, күлкiң қанбай...
Кешке үйге сүйретiлiп ораламыз,
Күнiмен дүние iсiн тындырғандай.
Сәлден соң бұлттан шығар қамалып ай,
Мұндайда жылы анамның қабағы ұдай.
...Қыр үстiнде қой кезек бағып жүрген,
Мен сенi сағынамын, балалық-ай!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сүйкiмдi еркесi даланың

  • 0
  • 0

Сүйкiмдi еркесi даланың,
Сыртыңнан сүйсiне қарадым.
Бiлдiрмей ұнатып жүрем де,
Мен сенен көз жазып қаламын...

Толық

Әттең, әттең...

  • 0
  • 0

Әттең, әттең...
бәрiн қиып кетер ем,
Өртенгенмен iшiм мың,
Баяны жоқ iсiм – мұң.

Толық

Шыбық-өмiр келе жатты бүр атып

  • 0
  • 0

Шыбық-өмiр келе жатты бүр атып,
Күллi әлемнiң қуанышын сұратып.
Ерте есейiп, жылдам өскiм келгенмен,
Мен асықтым, асықпады уақыт...

Толық

Қарап көріңіз