Өмірге мынау жай келмей, тамсана келгін – Есей Жеңісұлы

Бұл бетте «Өмірге мынау жай келмей, тамсана келгін» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 809
Өмірге мынау жай келмей, тамсана келгін,
Байыз таппайды-ау бақытты аңсаған көңлің.
Ерлігі дұрыс бағасын ала алмай, бекер,
Қалды екен сайда қу басы қаншама ердің...
Армандар неге тез өлім құшады жиі?
Өмірдің сыйы көбірек құсалы, қилы.
Арқырап келген арынын су сепкендей ғып,
Қаншама ерді тірліктің тұсауы қиды...
Жауырлы жабы көретін ақтаңгер ұлды,
Еңбектен емес, ештен дер аққан теріңді...
Белсеніп түйіп беліңді, бекініп шықсаң,
Алдыңнан алты қабатты арқан керулі.
Намыста нұсқа қалмаған, ақылда – тұспал,
Мейірім түгіл, жылу жоқ жақынға мысқал.
Қара басыңды қаңсытып, билік айтуға,
Қазаннан бұрын қайнайтын қатын да құштар.
Өткенің үшін сұрама қайтадан сауға,
Айналаң бәрі – күн үшін қайнаған сауда.
Ей, қоғам!
Ердің ерлігін түсінбесең де,
Сенен өтінем, бекерге байбалам салма...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірге мынау жай келмей, тамсана келгін өлеңінің авторы кім?

Есей Жеңісұлы — осы өлеңнің авторы.

Өмірге мынау жай келмей, тамсана келгін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмірге мынау жай келмей, тамсана келгін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есей Жеңісұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өмірге мынау жай келмей, тамсана келгін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері