Бұл бетте «Өмір фәлсафасы» атты Есей Жеңісұлы жазған өмір туралы өлең берілген.
Адамдар іздейді сыңарын,
Жол кешіп қым-қуыт, нешеме.
Таппайды жүректен тұрағын,
Оқылмай тұрғанда пешене.
Күмәнсіз бағына балайды,
Бір сұлу жолықса гүл өңді.
Кейде өзін тым биік санайды,
Байқамай сүйсінген біреуді.
Бір күні соғады сағаты,
Тағдыры сыналар уақыт кеп.
Қалмайды төзімі, тағаты,
Біледі оны шын бақыт деп.
Содан соң суынып жүрегі,
Болғандай бақытқа тар маңдай,
Өз-өзін түсінбей жүреді,
Мәңгіге адасып қалғандай.
Белгілі екі рет келмесі,
Бақытты қайталап күтпесі...
Махаббат – өмірдің пердесі,
Парасат – өмірдің нүктесі.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі