Өлең, жыр, ақындар

Жазғы кеш

  • 30.08.2021
  • 0
  • 10
  • 21812
Бұлт шықты оңтүстіктен мұнарланып,
Нұры мен батар күннің шұбарланып:
Созады жандық біткен көкке мойын,
Тұрғандай сусап, өліп құмарланып.
Ескен жел күншығыстан болып майда,
Ие ғып бар жандықты жақсы жайға.
Жыбырлап көлдің беті шағаламен,
Дауысы бар аққу, қаздың әлдеқайда.
Секілді бейне ұшпақ қарағанға,
Қаларлық абайлаған ғажап таңға.
Ыстықта бой тасалап жерде жүрген,
Шырылдап әнші құстар жүр аспанда.
Қой маңырап, сиыр мөңіреп, маң-маң басып,
Келеді еркін жүріп, көңілі тасып.
Саууға келіншектер қарсы шықты,
Қолына шелек алып, белдемше асып.
Жиналып қарттар құрды кешке кеңес,
Шығып ап, ел сыртында жерге дөңес.
Ақсүйек балалар да ойнап жатыр,
Тұратын текке қарап олар емес.
Жазғы кеш ойлап тұрсаң жанға рахат,
Әркімде көтеріңкі көңілі шат.
Ән салды қосылысып қыздар-дағы,
«Биікке алтыбақан» құрысып ап.
Ыңырсып жердің жүзі шыққан үнмен,
Тынық кеш қосылысты қысқа түнмен.
Адамзат, жан-жануар қуансын деп,
Зор сыйлық сезіледі текке берген.



Пікірлер (10)

Айдана

Өте жақсы өлең

Амангелді

Менің балалық шағым ауылда осылай өтіп еді... Алаңсыз, бақытты шағым... Адамдар жылы шырайлы , үлкенді сыйлап , кішіге ілтипат деп жүрүші едік... Содан болар, Халқымның болашағы жарқын болады деп армандаймын !

Жексенбі Айдай

Мен 12 жол жаттап отырмын

Айару

Күшті

Айару

Жақсы өлең

Жанель

Өлең керемет

Бағым

Күшті екеннн

Айкөркем

Керемет!

Азамат

Өте күшті

Пікір қалдырыңыз

Өтірікке бәйге

  • 0
  • 9

…Баяғыда салтанатты,
Сауықшыл бір хан бопты.
Ойын-тойдан қызғылықты –
Көре келген хан көпті.

Толық

Нан

  • 0
  • 10

Осы күні кеудеде,
Шықпаған құр жан,
Не бар тілек пендеде:
Нан, нан, нан!!!...

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар