Жайығым, саған келем мен – Ақмаржан Таубаева‎

Бұл бетте «Жайығым, саған келем мен» атты Ақмаржан Таубаева‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 4433
Жайығым, саған келем мен,
Өзіңдей мөлдір өлеңмен.
Қуанышыммен және де
Мұңыммен жырға бөленген.
Жайығым, сенің жағаңнан
Арманым аппақ таралған.
Өлеңге ғашық қызыңның,
Сенімі сенен нәр алған.
Талыңа өскен жағалай ,
Өр толқыныңа қарамай.
Орнамас жанға жаз көңіл,
Сағыныш қалар тарамай.
Тұйыққа бір сәт тірелген,
Кезімде саған келем мен.
Жүрегім толса жігерге
Тағы да келем елеңдеп.
Қимаймын, Жайық, жағаңда
Қалдырған жастық - жазымды.
Өзің деп жүрем алаңдап,
Шағалаңды аңсап наз үнді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері