Бұл бетте «Маңғыстауым — мақтаным» атты Гүлжауһар Сейітжан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әні Айтқали Жайымовтікі
Ғасырлар теңізбен сырласқан,
аймағым сусыған құм басқан.
Күй толған кеудеңе күмбірлеп,
жаныңды жайлаған жыр-дастан.
Тамсандырған баршаны
сәнің — Самал, Тамшалы.
Маңғыстауым қашанда
жүрегімнің аңсары.
Мұнайың даңқыңды жасаған,
сәулетті, киелі босағам.
Кеудеңде шамшырақ сөнбейтін —
Абылың, Есір мен Қашаған!
Әулиелі мекенім,
кең жайылған етегің.
Жетібай, Өзен, Қаламқас
мәңгі мақтан етерің.
Самғай бер биікке, дарып бақ!
Ұрпағың әлемге танытпақ.
Мерейін үстесін халқымның
Шағала атағың шарықтап.
Әбіш тапқан жол басын,
сан халыққа ордасың.
Иілмесін өр басың,
Бекет ата қолдасын...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі