Дәмдестік

Бұл бетте «Дәмдестік» атты Гүлжауһар Сейітжан жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.09.2021
  • 0
  • 0
  • 653
Үлкенді – аға, кіші - іні, құрдасым деп жастыны
сырласамын дос тұтып,
ұмытылып бас мұңы.
Өз үйіндей көр келсең аунап-қунап,
жатсынба,
отауымда менің де қазағымның дәстүрі.
Дастарханым жаюлы,
қашан келсең барым әзір,
суымайды қазаным, созылса да таңға жыр.
Әңгіменің дүкенін қыздыра отыр, қысылмай,
дастарханы қазақтың сұрап тұрар дәмді әзіл.
Шәйі көрпе төсеймін, жастық тастап шынтаққа,
күй тыңдай тұр,
қуырдақ әзір болар мұрсатта.
Жаныңдамыз, қазір ең маңыздысы біз үшін
қонақ қамы,
өзгедей іс болмайды бұл шақта.
Су құямын қолыңа жұмсақ сүлгі ұсынып,
жасым үлкен болса да қонақ үшін кішіріп.
Еркелесең сыйымды дейін ерсі болса да,
көз жасырар елемей, тұрсадағы іш ұғып.
Қазақ әзір қашаннан қонақ келсе күтуге,
бәрі-бәрі алдыңда, тойғаныңша ішіп-же.
Дәмдес болдық екеуміз мың күн сәлем алысар,
асымды ішіп тек қана аяғына түкірме...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дәмдестік өлеңінің авторы кім?

Гүлжауһар Сейітжан — осы өлеңнің авторы.

Дәмдестік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дәмдестік өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Дәмдестік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері