Өлең, жыр, ақындар

Ақсүйек

  • 02.09.2021
  • 0
  • 0
  • 930
Айлы түн...
Аппақ Ай нұры
арбамас еді қай күні.
Шақырып сыртқа тұратын
«ақсүйек» ойын әйгілі.
Аналар жайы бізге айқын,
сұраймыз жайлап, қызбай тым.
Күмәннан көңіл сейілсе
көкірек тәтті сыздайтын.
Жиналып солай әр күнде-ақ
ауылдың жасы там-тұмдап
желеміз аппақ түндерді
арқаға салып, аңқылдап.
Арманшыл, албырт шаққа егіз
аппақ түн бейне ақ теңіз,
Алаулап жанып ұшамыз.
Ақ сүйек ұшқан сәтте біз,
Кезіміз ол бір тегіс шат,
Аспан да, Ай да келісті-ақ.
Бір күні өзің сүйекті
лақтырып
қалдың мені ұстап.
Құйылып сезім бір тұнық
кетсе де жанға —
қымсынып,
өшіре отты лебіңді
қолыңнан шықтым жұлқынып.
Сездірдің нені? Нені ұқтым? —
Құлақтан кетпей көрікті үн;
сонан соң ұқпай түкті мен,
Сүйекті іздей беріппін.
Өпкендей беттен аңыз леп,
тұнықтық сол ма нағыз деп;
лақтырған сен сол сүйекті
түсімде жүрем әлі іздеп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Теміржолшылар жыры

  • 0
  • 0

Шежірелі құлан жортқан құм-далам,
белес-белес белдерден қол бұлғаған.
Болат жолдар жер бауырлап төсіңде
Жер-ананың жүрек күйін тыңдаған.

Толық

Абайға

  • 0
  • 0

Нұрлы ақыл, жомарт жүрек, кемел дарын,
үйрендік асыл сөздің сенен бәрін,
Жырларың жан-жүйені шымырлатса,
тартады ақ балықтай тереңге әнің.

Толық

Бөбегім-ау

  • 0
  • 0

Бөбегім-ау,
Жатырсың ба балбырап...
Ұйқтағанша әлде жылап,
Қалжырап...

Толық

Қарап көріңіз