Фуль королі

Бұл бетте «Фуль королі» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 466
(Баллада)

Фуль де король болыпты,
Ғашық сертін ақтаған.
Жары берген құмыраны
Алтынындай сақтаған.
Шарап жұтса құмырадан,
Король ойға батыпты.
Сол жары үшін жоғалтқан,
Көзінен жас атыпты.
Бір күн өлер шағында,
Дәулеттен безді бір жола.
Тастап таж бен тағын да,
Құмыраны алды бір ғана.
Жинап нөкер, жасағын,
Теңізді жаға, шатқалға,
Қоштасу той жасады,
Жанына дерт батқанда.
Шарап құйып толтыра,
Төңкере бір ішті де,
Құмыраны атты толқынға,
Сайда тасқын күшті де...
Қарады сол тереңге,
Күткендей бір ажалды,
Көз жұмды мәңгі король де,
Құмыра да мәңгі жоғалды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Фуль королі өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Фуль королі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Фуль королі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Фуль королі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері