Бұл бетте «Үмітім менің» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тышқан аңдыған түлкі қулықтың
Құлағы қайда селтимес.
Күрсініп іштен, неге мұң жұттың,
Үмітім менің жел тимес?
Жүдесең, мен де қаламын жасып,
Жүрегім қалай жырласын?
Жадырай салшы, қабағыңды ашып,
Көзімнің жасы құрғасын.
Бақыттың гүлі бүршігін жарса,
Жұпарын оның сеземін.
Егер де сенің кірпігің талса,
Талмай ма менің өзегім?
Дірілдеп тұрған сәулеңді әлсіз
Төксеңші алыс кетпейтін.
Не пайда жарық жұлдыздан сансыз,
Жылуы жерге жетпейтін.
Сөнгенше мынау кеуденің нұры
Түсерміз суға, отқа да.
Үмітпен өтер пенденің күні,
Үмітсіз – шайтан тек қана...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі