Өлең, жыр, ақындар

Прометей

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 761
Уа Зевс, Жап көгіңді,
Бұлттардың будағымен.
Сал ойнақты,
Мейлің, жаңқадай ұшыр,
Тау мен теректі түйдегімен.
Тек қана жерім менің
Мызғымай тұрса болды.
Сен орнатпаған хұжырам,
Аман-сау қалса болды.
Сенің ішің күйсін деп,
Өзім тұтатқан
Өз ошағым Жанса болды!
Уа өлмейтін рухтар,
Күн астында көрмедім
Тап сендердей сорлыны!
Ғазиздер-ау, сендердің
Нәрсіз, құнсыз жемдерің —
Тек құрбандық шалынған,
Тек мінәжат табынған.
Құрысаңдар ғой аштықтан! —
Ақмақтар нанбас еді сендерге,
Бишара мен сәбилер
Сенбес еді сендерге.
Ал өзім бала шағымнан
Қаңғырдым да дүниеде,
Қарадым ылғи күнге тек.
Сонда бір естір құлақ бар ғой деп,
Арызымды есіркер
Менікіндей жүрегі де бар ғой деп,
Мүскіндерді мүсіркер.
Сонау қаһарлы құдайлардан,
Кім мені қорғаған?
Ажал менен құлдықтан
Кім мені құтқарған?
Сен емес пе,
Әулие отты жүрегім,
Баршасынан сақтаған?
Және сен ғой,
Алданған ізгі жүрегім,
Сонау жастық шағыңда,
Рахмет айтқан аспанда
Оятқаным үшін,
Мәңгі ұйқышыл әлемді.
Уа Зевс! Саған тағзым етем бе,
He үшін?
Қат-қабат болған азапты,
Азайттың ба сірә сен?
Қорқыныштан аққан көз жасты,
Құрғаттың ба сірә сен?
Мені қайсар ер ғып шыңдаған,
Сен емессің.
Ол — құдіретті уақыт,
Мәңгілікті зор тағдыр — ол не
Саған да әм маған да.
Өмірге қас бол —
Демексің бе сен маған?
Мен жапан дүзге жүгірдім
Қырға біткен көп гүлдің
Нәрсіздігін көрдім де.
Мұнда жер бетінде,
Адамзатты өсірем
Өз қалпымша, өзімше.
Маған тартқан ұрпағым,
Қасірет шексін, зар төксін,
Қуана білсін, күле білсін.
Сені, құдай, жек көрсін,
Тап өзімше!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аруақтың сәлемі

  • 0
  • 0

Мұнарада, құм жарда,
Аруағы тұр серінің.
Желкеңді көріп қалғанда,
Жаңғыртады өр үнін.

Толық

Өлең-жырлар

  • 0
  • 0

Ән-жырлар қайдан шуақтанып,
Өлең-жырлар қайдан күш-қуат алады.
Ақындар оған көңіл қойып,
Көпшілік қолдап оны қолпаштар.

Толық

Махаббат трилогиясынан «Элегиядан» үзінді

  • 0
  • 0

Тұншықса адам қайғы шегіп азаптан,
Құдай маған қасіретіңді шерт деді.
Сағынышты кездесуден не күтем?
Әлі күнге жайылмаған гүл ме екен?

Толық