Өлең, жыр, ақындар

Әннің түлегі

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 460
Көкорай шалғын далада, көк орманда,
Жүріп келем, көңілім шатnыққа бөленіп.
Еркінсіп, еркелеп ән айтамын,
Әнімді үндестіргендей болып.
Жер-ана да қолдап мені,
Біргелесіп қосыла билегендей.
Сабырлықпен күтіп бір мезгіл,
Көктемнің де гүлдегенін,
Көп құстардың ұшып-қонып келгенін,
Әнге салып қосар едім.
Мезгілімен суық күндер де келсе егер,
Қуанышпен қыстың аяз келгенін,
Тереземде мұз қаланған,
Ақша қардың керемет ертегі суретіне қарап,
Мақтау айтып,
Жүздеген әндер арнап шырқар едім.
Білемін – ол күннің де келерін:
Жер-ана жаңадан құлпырып,
Көктем де қайта оралар.
Қайда кеттің жастық шағым,
Күлкі-қуанышым,
Ұйқысыз өткізіп күндерімді,
Жер жүзін шарлап,
Ән салумен өмірім өтсе деймін.
Қаншама мұң-қайғы арқалаған,
Қыз болса да қор,
Сазды әнімді есітіп менің,
Қуанышты жырға көңілі толып оның,
Күліп жүзі гүлге оранар.

1799



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сот алдында

  • 0
  • 0

«Кім екенін мен сендерге айтпаймын,
Қалсам да одан жүкті боп»:
«Түуһ, салдақы-ай!...»—
Өйтіп жала

Толық

Иілмейтін қыз

  • 0
  • 0

Таң сәріде орманға,
Түскенде арай жарқырап,
Бақташы қыз сол маңда,
Масайрады ән шырқап: —

Толық

Той суреті

  • 0
  • 0

Өлең, жырда марапаттап жатамыз,
Бір графты даңқы менен аты аңыз.
Немересін үйлендірді, ішіп-жеп
Дуылдастық — сол ғой біздің батамыз...

Толық

Қарап көріңіз