Дидарласу және айрылысу – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Дидарласу және айрылысу» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 599
Жаным жанды, бітті халім,
Жөнелейін атқа мініп!
Бөледі кеш қыр алқабын,
Тау иығы түн жамылып.
Міне алда тұр зор емен,
Қараңғыны бойына орап.
Саңылаудан түн бүркеген,
Жүз қара көз тұр сығалап.
Сәулесінде терең қайғы,
Бұлт ішінен ай жаутаңдап,
Жел қанаты сумаңдайды,
Үрей салып, тауды шарлап.
Албастыдай басса да, түн,
Жүйткіп атым, келем ән сап.
Өмір жайнап, тасып қаным,
Жанымда от жанды сол шақ!
Қиялымда сен ғана тек,
Іңкәр көзің жанды маған.
Ұшты жаным сені тілеп,
Ұшты лебім от боп саған.
Бітті жолым. Бұрынғыдай
Жұпар аттың, көктемім сен.
Қасымдасың! Берді құдай!
Не сырым бар пейішке тең?
Айхай! Miнe, шықты күн де
Нұр сипатың солғын тартты.
Қандай сүйдің мені түнде,
Жаның қандай мұңға батты.
Тұрдым әрең, жаным дал-дал,
Тағы да сен жалғыз қалдың.
Қандай бақыт — сүйікті жар!
Махаббатың — нәрі жанның!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дидарласу және айрылысу өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Дидарласу және айрылысу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дидарласу және айрылысу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дидарласу және айрылысу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері