Жолаушының түнгі әні – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Жолаушының түнгі әні» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 938
(1776)

Тұрып сен, шыңда, беткейде,
Жер қайғысын жырлайсың
Екі есе қасірет шеккенге,
Екі есе медет сыйлайсың!
Қажыдым аума жалғаннан,
Шаттық, мұң — кезек кеудемде.
Ақ жүрек дүние, сол арман,
Аймала мені тез кел де!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері