Теңіз саяхаты – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Теңіз саяхаты» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 568
(1776)

Жүк тиеулі тұрды кемем, жел күтіп.
Тұрды біраз. Ал мен кәрі достармен
Зығырданды тоғыттым-ай шарапқа
Жағасында теңіздің.
Достарым да менен бетер тықыршып,
Дейді бәрі: «Алыс сапар оң болсын!
Қазына-мүлік мол ғой жетсең жат елге;
Аман-есен келсең, біз де құшақтап,
Саған сыйлық тартармыз».
Ертеңіне шын дүрбелең басталды.
Тұрды ұйқыдан мәз-мейрам боп теңізшің,
Байыз-баян табар емес асығып
Таңмен бірге шығу үшін сапарға.
Желкен біткен желпілдейді жел керіп,
Шомыльш күн шұғыласына шалқиды.
Самға, желкен! Көкте, бұлттар, самғаңдар!
Артта достар көңілді әнді шырқайды.
Жырлайды олар алыс сапар шаттығын,
Ең алғашқы түннің жарық жұлдызын,
Біз жағадан кеткен күнді жырлайды.
Бірақ — ойбай!—Қу құдайдың жел-сөрі
Тура жолдан тайқытады кемені,
Кеме де оның көнгендей күш-ырқына;
Бірақ, сорлы-ай, желден қулық асырып,
Тар кешуде таяр емес бағыттап.
Кенет меңіреу, қорғасындай қиырдан
Жетті теңіз дауылының үні сәл;
Төнді құстар баурын төсеп толқынға,
Жұрттың тегіс кетті түсіп еңсесі.
Соқты-ау сосын! Қарсы келмей долыға,
Теңізшілер желкендерін жинады;
Дауыл, толқын зәресі ұшқан кемені
Қақпақыл ғып ойнады.
Жұбай-жора сонау алыс жағада
Жаны қалмай, зәре-құты тұр ұшып:
Үйде отырса болмады ма, ойпырмай!
Дауыл долы! Ұшты-ау бағы басынан!
Сұм ажалдың жеткен жері осы ма?
Неге шықты бұл сапарға? Жасаған!
Ал ол болса бұлқына тұр мізбақпай;
Кемесімен толқын, дауыл ойнайды.
Жел, толқынға селт етпейді жүрегі.
Батыл қарап астан-кестен түнекке,
Тұр тапсырып өмірі мен өлімін
Құдыретіне тәңірінің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Теңіз саяхаты өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Теңіз саяхаты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Теңіз саяхаты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Теңіз саяхаты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері