Жабығу – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Жабығу» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 739
(1802)

Мұнша неге жабықтың,
Жүрегімде не сыр бар?
Қапалықпен зарықтым,
Үйім мұнша неге тар?
Кетейінші аулаққа,
Бұлттар көшіп жел кезген.
Барайыншы тау жаққа,
Аясы бар кербез, кең.
Қара көк құстар аспанда,
Әне, самғап сермелді.
Құстар, қайғы басқанда,
Серік көрем сендерді!
Астымызда жартастар,
Астымызда құз — асқар,—
Сұлуым жүр ме, асуда —
Жоқ, осында, қасымда.
Келеді ол қиялдап,
Сол сипатқа ой кетіп.
Әнші құстай аялдап,
Құж орманды тербетіп
Шусыз ағаш ішінде,
Баяу жүріп тыңдайды:
«Үні қандай сүйкімді,
мен туралы жырлайды!»
Кешкі күннен тарады,
Алтын нұры бөктерге.
Ару күнге қарады,
Күн еңкейіп кеткенде.
Кетті өзенді жағалап,
Басып жасыл көгалды.
Түнерді де көк алап,
Ізі қыздың жоғалды.
Шыңға шығып мен сонда,
Саңқ еттім түнгі сол маңға!
«Жанымды тартып жайнаған,
Жымыңдаған кім маған?»
Аспанда нең бар, ғашығым?
Айхай, тәтті сол бір сәт!
Аяғыңа бас ұрдым,
Сен де маған жай құшақ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жабығу өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Жабығу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жабығу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жабығу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері