Алдану – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Алдану» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 635
(1803)

Желпінді тор әйнектен
Көрші әйелдің үйінен —
Қарайды маған кенеттен,
Жаны өртеніп күйінген.
Білгісі келер қызулы,
Қызғанышы бар ма деп.
Сөнді ме әлде ынтығы,
Әлде жанып тұр ма деп?
Жоқ, ғашықтық қиялмен.
Аңдамаппын алданып.
Ол жел екен, торғынмен
Тұрған ойнап, қозғалып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері