Ақымақ айтты демесең

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 10.10.2021
  • 0
  • 0
  • 2321
Аярлыққа еріп кетсең сүмеңдеп
Айта алмаймын ертеңіңе сенем деп.
Ана сүті арамдыққа суарса,
Сиыр сүті ала алмайды сені емдеп.
Жарым менің – жарым болмай аңсаған,
Жерім менің –көрім болса қаусаған,
Бар антымды, бар сертімді мансұқ қып,
Көз қиығын салар ме едім мен саған.
Мен де көне – сен ескірсең, көнерсің,
Мен де көкпін, - сен гулдесең, көгерсең.
Кемпір болса, шал боп жетем мен саған,
Мен – ширекпін, жарты болсаң егер сен.
Таңда – таңмын, ал бесінде – бесінмін,
Мешіндердің арасында – мешінмін,
Күнде – кунмін, түнде – түнмін, Айда – аймын,
Кеш болды ма – мен сенің кешіңмін.
Деме маған өлгеннен соң жұмақ тұр,
Артық одан жанымдағы бұлақ бір.
Ақиқатын айтар болса данышпан,
Ақымақтың да былшылына құлақ түр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақымақ айтты демесең өлеңінің авторы кім?

Олжас Сүлейменов — осы өлеңнің авторы.

Ақымақ айтты демесең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ақымақ айтты демесең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Олжас Сүлейменов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақымақ айтты демесең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері