Қасиетті сыр – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Қасиетті сыр» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 789
Қалаулымның қарасында жұмбақ бар,
(Тектен-текке бал ашпаңдар, ағайын.)
Өзім білем, жүрек сырың тыңдатқан,
Сол сезімде менің тағдыр — талайым.
Сұлу көзі: мынау,— дейді,— ғашығым,
Басқа екен деп ешбірің де адаспа.
Қайырымды ағайындар, асылы
Сандырақтап, тектен-текке бал ашпа.
Тұнған жұмбақ жалындаған қарашық,
Айтпақ сөзі тұншықтырар тағатты:
Кездесейік жүрме босқа бал ашып,
Кел, сүйіктім, белгіле де сағатты...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері