Қызғалдақ – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Қызғалдақ» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1333
(1773)

Балбыраған бәйшешегі баулы бақ.
Бұлақ аққан күміс суы сылдырап.
Желпінеді жиегінде ақырын,
Алқызыл гүл, аласа бір қызғалдақ.
Су жағалап биге басып, ойнақ сап
Бір жас сұлу, бақташы қыз. ән шырқап,
Масаттанып күлімдейді гүлдерге,
Деп: «Бәріңнен бағым артық, жаным шат!»
Қозғалады, желпінеді қызғалдақ,
Қыз көркіне балқып қана бұлғаңдап,
Деді: «Аспан сұлу болып шіркін-ай,
Тым болмаса бір минуттап қонса бақ.
Қыз қызығып мені сүйіп иіскер,
Тағар еді ақ төсіне алқалап».
Алайда қыз гүлдің мұңын тыңдамай,
Әндетті де жаншып кетті бұл қалай?
Жоқ, гүл мақтанды: «Үзіл сен де бәрібір,
Жарым басты, арманым жоқ, көңілім жай!»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызғалдақ өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Қызғалдақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызғалдақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызғалдақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері