Зылихаға – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Зылихаға» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 565
(1815)

Төгемін деп толқын жұпар,
Алқына алған демдеріңе,
Азап шегіп, болып іңкәр,
Жүз гүл солды шөлмегінде.
Саусағындай бүгіп тұрған,
Құтыдағы әтір үшін,
Сансыз ғашық болып құрбан.
Сансыз боздақ тартты қысым.
Өмірлері тұрған гүлдеп,
Нелер сабаз толықсып бір,—
Бұлбұл үнін жұтамын деп,
Дәмеленді талықсып құр.
Жоқ, жылама, той жасармыз,
Біз солардың жан-зарынан.
Қырылды ғой жандар сансыз
Ақсақ Темір қанжарынан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Зылихаға өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Зылихаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Зылихаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Зылихаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері