Қар қонып жапыраққа қалыпты шын
Бұл бетте «Қар қонып жапыраққа қалыпты шын» атты Исраил Сапарбай жазған табиғат туралы өлең берілген.
Қар қонып жапыраққа қалыпты шын,
Қар жауса, келгені ғой анық қысым.
Құп-құйттай кеудемдегі ғаріп құсым,
Жабықсаң, жанарыңды жарыққа ұсын.
Жайыңды мен болмасам, кім ойлайды?
Ешкім де бізше күліп, мұңаймайды!
Ат қосып көлденеңнен əлдекімдер
Көзмоншақ – көңілімді лайлайды.
Қаталдық – өмір заңы, амал қанша,
Тым жайлы болмай тұр-ау маған да онша.
Дір қаққан қар астында жапырақтай
Жүрегім... жарар еді-ау аман қалса.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі