Өлең, жыр, ақындар

Шалма ора басыма, тәж ғып маған

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 654
(1815)

Шалма ора басыма, тәж ғып маған.
Шырай берер сол мата жарқыраған.
Иранды билегенде, Аббас шахтың,
Маңдайы мұндай тәжбен сән құрмаған.
Ескендір де басына шалма ораған,
Бұйра шашын тозаңға шалдырмаған,
Талай жұрттың болды ол падишасы,
Асылдардан артық ол жалтылдаған.
Біздің король мейлі ғой тәж дей берсін,
Атын қайтем? Ондай ат тез өзгерсін.
Інжу-маржан! Мадақта, ынтызарлар!
Ал маған шәйі жібек көрік берсін.
Уа, сүйіктім! Қайтемін тәжіңді мен?
Маңдайымды орашы, ақ жібекпен.
Қайтемін мен сұлтанның мәртебесін,
Көз шұғылаң түссе тек — шалқып кетем!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұлбұл құс

  • 0
  • 0

Не бар онда? Не деген жұмбақ самал?
Шығыстың жолдаған сәлемі емес пе екен,
Ойда жоқтан жаңа леп келіп есіп,
Менің қайғы-мұңымды емдеп жазар ма екен?

Толық

GINGO BILOBA

  • 0
  • 0

Менің бақшама келіп түскен,
Жалғыз жапырақ Шығыстан,
Түсінер жан болса егер,
Оның өте құпия сыры бар.

Толық

Сақтық

  • 0
  • 0

Тағыныпсың інжу-маржан,
Мадақтамай көр, ақыным.
Дұрыс шығар үнсіз қалған,
Жаудырсам ба сөз ақығын.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар