Бәрін сезіп-білетін бұлт ішінен – Мерей Қартов

Бұл бетте «Бәрін сезіп-білетін бұлт ішінен» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 917
Бәрін сезіп-білетін бұлт ішінен,
Сыр ұғамын тамшылар күлкісінен.
Содан кейін сімірем дүние-ай деп,
Қымыздықтың саумалын үрпісінен.
Қаңбаққа да қосылам қалбалақтап.
Мойнын созып қарайды паң қарақат.
Күнге тосқан маңдайын әр жуадан
Жұпар ауа жұтамын жанға рақат.
Тошалаға таңданам жүзі керім.
Сабағымнан мен де бір үзілермін...
Сай ішінде жүрегі лүпілдеген,
Бүлдіргенді сүйемін қызыл ерін.
Жусанның да иісіне шала маспын.
Мұңын ұғам мелшиген кәрі ағаштың.
Мен тіпті қасиетті Қара Өлеңмен,
Көңілін де аулаймын Қара Тастың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәрін сезіп-білетін бұлт ішінен өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Бәрін сезіп-білетін бұлт ішінен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бәрін сезіп-білетін бұлт ішінен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәрін сезіп-білетін бұлт ішінен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері