Жер тарпыса, желқанат күрең дөнен – Мерей Қартов

Бұл бетте «Жер тарпыса, желқанат күрең дөнен» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 577
Жер тарпыса, желқанат күрең дөнен,
Тағылығым ұстайды, тарпаңдығым.
Құлағынан басып ап, жүгендеп ем,
Құрысынан жазылды арқам бүгін.

Күлік мініп, қосылдым қиқуға сан,
Ғажап сонда әуеден күй тыңдасаң!..
Түнде жұлдыз түрткілеп кірпігіммен,
Тасбұлақтан сусындап ұйқымды ашам.

Гүл иіскеймін.
Иісі – тәтті мұңды,.
Жылқышы-құс естіртер пәктік үнді.
Ай астында арланға шалма тастап,
Ат үстінде басамын аптығымды.

У-шуына еліріп бөрілердің,
Бұ маңайда дәл мендей желігер кім!
«Дүние-ай!..» деп жатқанда аһ ұрып бір,
Желкесінен Доланның көрінер Күн!

Күн самалы менің де тынысым ба?!..
Қызғанбаспын өзгенің ырысын да.
Туған Жердің, өлеңмен өмір кешем,
Әлемнен де жарық бір бұрышында!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жер тарпыса, желқанат күрең дөнен өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Жер тарпыса, желқанат күрең дөнен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жер тарпыса, желқанат күрең дөнен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жер тарпыса, желқанат күрең дөнен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері