Жағада шөккен құмы нар – Мерей Қартов

Бұл бетте «Жағада шөккен құмы нар» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 431
Жағада шөккен құмы нар,
Каспийдің мұңын кім ұғар?!
Бақсылар ғана түсінген,
балықтарының тілі бар.

Толқыны асау бурадай,
қайтейін мен де туламай.
Балақтан шалған балдыры,
шұбатылады шудадай.

Аққу мен қазы қалқыған,
шағаласы бар шалқыған.
Су майын -сүттей сіміріп,
қамысы-сәби аңқыған.

Қырынан есіп Қыдыр дем,
қызғалдақтары тірілген.
Шұбатын Айдың іңірде,
су перілері сімірген.

Әулие бұлттар аунаған,
толқыны, құмы тау маған.
Тылсымы терең-Каспийім,
жүрегімсің ғой аумаған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жағада шөккен құмы нар өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Жағада шөккен құмы нар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жағада шөккен құмы нар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жағада шөккен құмы нар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері