Жанның түнгі тылсымы – Мерей Қартов

Бұл бетте «Жанның түнгі тылсымы» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 663
Айға лақтырып шылбыр ұшын,
Айдалада түн қаттым.
... үкідауыс үңгір ішін
Үр қызына тыңдаттым!
Ол сұлудың төсенішін
Салдым балғын аршадан.
Сезім шоғын көсеу үшін,
Ертекті ерен аңсағам!..
Ойымдағы оттың күшін
Санадан тыс лаулаттым!..
Көңіл үшін –
Шегіртке үнін
Алақаныма аунаттым!
Майын да ішіп тасбұлақтың,
Марту қызын құшып ем!..
Қара жоннан қасқыр аттым,
Қара сөздің күшімен!
Жындар ғашық бәлкім маған?..
Жырдан асқан бар ма дін?..
Жапалақ көзімен жарқылдаған,
Жылан дәтін арбадым!
Соңына ердім шұбар лақтың!..
Ат жалынан шоқ үрлеп!..
Бұлт ішінде бұлан бақтым!
Құлан көзі – шегіркөк!..
Құздармен де қауқылдастым.
Елірдім жел есерге!
Жұлдыздармен аңқылдастым,
Өзге әлемге көшерге!..
Адастырды бір мұң сары!..
Қайда болдым?!..
Аң-таңмын!..
Құланиек құлқынсәрі...
Қиялымды қаңтардым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанның түнгі тылсымы өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Жанның түнгі тылсымы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанның түнгі тылсымы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанның түнгі тылсымы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері