Осы емес
Бұл бетте «Осы емес» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тиегін сырдың ағытармын мен,
Қалжың мен ептеп қағытармын мен.
Көкірегің кілтін таппаспын бірақ,
Жүрегің сенің бос емес.
Құбылып қанша киінгеніммен,
Қасыңда талша иілгеніммен.
Сол жан боп саған елестей алмаспын,
Қуғаның сенің бос елес.
Бір сылтау тауып тілдесермін мен,
Бір үмітпенен күн кешермін мен.
Тағдырым сені кезіктірген күн,
Ерте де емес кеш емес.
Мейіріміңе жылынып алам,
Түлейтін құстай тіріліп алам.
Кездесер күнді босқа аңсаймын мен,
Күткенің сенің осы емес!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі