Әке

Бұл бетте «Әке» атты Мағиза Құнапияқызы жазған әке туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 676
Көздің жасы кетті өшіріп.
Жанбадық.
Сондадағы адалдықтан танбадық.
Әке сенмен бірге кеткен бақытты,
Мына өмірден көп іздедім сандалып.

Сақтадым көп айта бермей елге сыр,
Өзің жоқсың портретің төрде тұр.
Жұрт көзіне қайсар болып көрінем,
Оңашада төккен жасым көл-көсір.

Жібек көңіл ширатылды желінді,
Жемір уақыт таусап бітті, жоқ үлгі.
Сені құдай бір күнде алып кеткен соң,
Бетегенің бәрі тау боп көрінді.

Бұл күйімді білер кімдер, білмес кім?
Кімге барып тұрақтаған бұл бес күн.
Жылы жүзбен күле қарап өткеннің,
Барлығына қарыздар боп күн кештім.

Ағып барып тоқтап тұнған көлдеймін,
Соғып барып тына қалған желдеймін.
Ағындауым асау шабыт шығар сол,
Тоқтайтыным – сензіз тірлік, сенбеймін…

Кім бар дейсің өмір дейтін жолды ұққан,
Көрінгенге білмеген соң болдық таң.
Сағынбаймын келмейтұғын болған соң,
Шарасызбын
Жылайтыным сондықтан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әке өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Әке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әке өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әке туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері