Мойындау – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Мойындау» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 619
Жылдар жылжып, дүние жаңарғанмен,
Сырласамын сен жайлы самал желмен.
Уайымы жоқ жандай көрінсең де,
Қиынырақ құтылу саған меннен.

Кездеспеймін көңілім қаласа да,
Сезім ғажап бөлейтін тамашаға.
Ұнатқаным жүрекпен аз болғандай,
Қалай ғана жолығам оңашада.

Бақшасынан бақыттың мекен іздеп,
Қол ұстасып өмірден өтеміз деп.
Маған ақыл айтпаққа ту алыстан,
Өкінішті келгенсің бекер іздеп.

Ұмыт болар жаз жылжып күз өткенде,
Деген едім байландым тізбектерге.
Соның бәрін мойындау оңай деп пе ең,
Өтінемін мазалап іздеп келме!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мойындау өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Мойындау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мойындау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мойындау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері