Жүрегімнің суреті

Бұл бетте «Жүрегімнің суреті» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 916
Атқарам деп өз борышын, мiндетiн,
құртамын деп жауыздықтың iндетiн,
шаршап, талып соқса тентек жүрегiм
дәрiгерлер:
әкел дейдi суретiн.
Кiрмеушi едi ауру пәле түсiме
неге айырылды албырт жүрек күшiнен?
Сонан кейiн рентгенге барам да
кеудемдi ашып
суретке оны түсiрем.
Маза бермей шығады ол түнiмен
бiр сырқаттың жабысқаны-ау шынымен.
Түсер сонсоң тентек жүрек суретке
арман,
үмiт,
қайғы,
шаттық,
мұңымен!
Қап-қараңғы бөлмеге кеп қамалған
түседi ол әлденеге алаңдап.
Бiлем, бiлем – жала, зұлым, өсекпен
жалғандықтар салған таңба бар онда.
Шаршады ма
мақсатыма жетем деп?!
Шаршады ма жұмыс iстеп өтем деп?!
Ал дәрiгер үңiледi суретке
шамадан тыс салмақ түскен екен деп...
Сауығамын
жұмысқа кеп жегiлем...
Басталады тағы бiр күн әбiгер.
Рентгеннен жүрегiңнiң суретiн
қайта алып кел, дейдi маған дәрiгер.
Ұшырайын деп ем одан жарық жыр,
амалым не,
тулап қайта соғып жүр...
Ескерткiш боп қалсын дей ме
суретке ол
жиi-жиi түсетұғын болып жүр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрегімнің суреті өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жүрегімнің суреті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрегімнің суреті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрегімнің суреті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері