Көктем

Бұл бетте «Көктем» атты Мағиза Құнапияқызы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 590
Көбелектер тіріліпті, ұшып жүр,
Кеткен көктем төркініне түсіп жүр.
Бұлықсимын бүршік жарар жас талдай,
Бақсыны жын, мені шабыт қысып жүр.

Құстар келіп бұтақтарда сайрандап,
Қысқы үнсіз бақ оркестірге айналмақ.
Жас бүршіктер зорға тыйды күлкісін,
Күзден қалған жапыраққа қайран қап.

Қар да кетті қымтап жатқан іргені,
Асығыс қыс сөзге құлақ түрмеді.
Кей қыздардай сезімі ерте оянған,
Жылауық тал бір-ақ түнде бүрледі.

Жапты кілем ойы менен қырқасын,
Тоңса жүрек күн нұрына жылытасың.
Алма ағашы ойланып тұр гүлдемей,
Алдағы күн болмай ма деп бұрқасын.

Абыздардай кеңес құрған келелі,
Қыс қозғауға ерінетін денені.
Туған жерге қарап қоям күн салып:
Біздің жаққа көктем тым кеш келеді…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Көктем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері