Сенім серті
Бұл бетте «Сенім серті» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қымбат жүзік алқа моншақ сыйлама,
Бақтарды да қыдыртам деп қинама.
Қошаметпен қарсы алам деп өзгеше,
Маңайыңа достарды да жинама.
Сағынышты жеңемін деп көп ішпе,
Көрінгенмен сырыңды да бөліспе.
Алақайлап қол соғып та қуанба,
Үнсіз қоста жетіп жатсам жеңіске.
Орама да үлде менен бүлдеге,
Күмәнді ойға күдік қосып кірлеме.
Сағындым деп айта көрме тіпті сен,
Ештеңе айтпа, керек болса үндеме.
Ұзақ түнде көз ілмеген кезіңде,
Өткенді еске ал, өз тізгінің өзіңде.
Сезімдерді жеткізуге сөз керек,
Сөз не керек жетіп тұрған сезімге?!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі