Өтеміз бе – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Өтеміз бе» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 568
Жүрегімнің қамалына қамалып,
Кеткен жан ең тұла бойға таралып.
Не марқадам табарыңды білмедім,
Менің жұмбақ әлемімнен жоғалып.

Күй кешемін кейде жандай әңгүдік,
Таныс әуен құлағымда жаңғырып.
Кімнің кегін алып бердің білмеймін,
Менің нәзік көңілімді қалдырып.

Таудағы біз күнгей менен теріскей,
Екі жаққа бағыт алған өрістей.
Қасарысып жүріп ақыр болдық біз,
Екі бақта мәуелеген жемістей.

Сырымызды айтар кезде шектеліп,
Түсініксіз күйді бастан өткеріп.
Екі айланым сөзге келмей шамданып,
Өтеміз бе мына өмірден кектеніп?…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өтеміз бе өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Өтеміз бе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өтеміз бе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өтеміз бе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері