Бұл бетте «Лағыл мұң» атты Мағиза Құнапияқызы жазған мұң туралы өлең берілген.
Үн–түнсіз кеттің бейтаныс жандай,
Мұңайсам және шат күлсем.
Ойлағанымды сезіп қойғандай,
Несіне хабарластың сен.
Салқындау ғана қараймын саған,
Бізге түк емес сені алдау.
Бәрінен ауыр тиіп тұр маған,
Өзіңді өзің жеңе алмау.
Күліп қоштастым (жетіп тұр шамам),
Көңілдің жасын іркідім.
Жалғыздық мұңын кімдерге шағам,
Айқаспай қойды кірпігім.
Әлем де жәлем қуаныштардан,
Артық па дедім лағыл мұң.
Шындықтан қашып қай жаққа барам:
Өлердей сені сағындым!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі