Сен барсың
Бұл бетте «Сен барсың» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сезсем де мына өмірдің жалғандығын,
Келемін аялаумен арман гүлін.
Құлпырып кеттің десе құрбыларым,
Ол менің сеннен хабар алған күнім.
Төзімнің тарыдайын қалмауынан,
Ойлардың шаршағанмын салмағынан.
Қолыма қаламымды ұстап тұрып,
Іздесем және оны жан-жағымнан.
Сен барсың сонан ба екен жасқанбаймын,
Шомылам сәулесіне аспанда айдың.
Төбеңді ту сыртыңнан көрген бетте-ақ,
Жүрекпен жүріп келе жатқандаймын.
Көрініп сенсіз сүркей көрікті аспан,
Қиялым қалмай саған еріп қашқан.
Жан едің беу не қылған, түсінбедім,
Жартысын жастығымның төгіп-шашқан!!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі