Бұл бетте «Отан» атты Мағиза Құнапияқызы жазған отан туралы өлең берілген.
Қапалақтап қар да жаусын,
Жаңбыр да ұзақ сіркіресін.
Толастамай дауыл соқсын,
Күн де ұзақ күркіресін..
Есігімді жел ұрғылап,
Жеткенше әлі мазамды алсын.
Тас төбемнен бұршақ жауып,
Естіртпесін азан дауысын.
Аязда қап қаңтарында,
Өкпем қысып жөтелейін.
Тамшы тимей таңдайыма,
Шөлдесем де көтерейін.
Жазған жырым талайының,
Қоздырса да делебесін,
Елең қылмай еш біреуі,
Елемесе елемесін.
Ұсақ-түйек уайымды,
Елей ме екен есі бар жан.
Өйткені мен әлде қашан,
Отаныма жетіп алғам!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі