Жанып бітті сезімдер
Бұл бетте «Жанып бітті сезімдер» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жанып бітті сезімдер шоққа айналды,
Саған деген сағыныш жоққа айналды.
Аялайтын жаныңды шырын сөзім,
Айтқан сайын жаралар оққа айналды.
Баурайтын ең өзіңе жалқы күшпен,
Туыстығың бар ма еді тартылыспен?
Жанды ұмытып кету де мүмкін екен,
Жастығыңның жартысын сарқып ішкен…
Саған деген реніш көлге айналды,
Саған деген сенім де нөлге айналды.
Қанатында қиялдың қалғитын жыр,
Қуаласаң жеткізбес желге айналды.
Қызықтадым құстарды және гүлді,
Жуды жаңбыр мұң толы әлемімді.
Дөңгелегі пойыздың таптап кетті,
Ұмыт деді көп тартқан әлегімді.
Осыменен бәрін де тәмамдайық,
Жылай берсін өткенге оралмайық.
Бар сырыңды біліп ап тайып тұрған,
Мен де оңбаған шығармын саған лайық!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі