Түс көргейсің
Бұл бетте «Түс көргейсің» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұлыңғырлау ертеңді қиял ғылып,
Жүруші ек, ұялшақ қыз ұяң жігіт.
Арманшыл ек сондықтан көңілдерден,
Жетелейтін қыйырдан қиянға үміт.
Кейде өмірдің шарбатын ішкендейсің,
Кейде тағдыр торына түскендейсің.
Қоштасарда сен кеште былай деуші ең:
-Ертең жайлы жақсы бір түс көргейсің…
Ол кезде екеумізде бір-ақ арман.
Шалғай едік күрсініп жылағаннан.
Үнсіз жауап қатушы ем түс көре алмай,
Көп сұрауға көзіңде тұна қалған.
Ал бүгін жолыққанда өзіңменен,
Шақтарымды шағынам көз ілмеген.
Екеуміз де недеген аңғал едік,
Тәтті түс деп сол шақты сезінбеген?!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі