Бұл бетте «Уақыт - керуен» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аяулы бір жан көкжиек жақтан,
Құшағын маған жаятын.
Алыста бір тау ұмытпай мені,
Көз қырын салып қоятын.
Көк бұйра толқын сағынса мені,
Жағаға өзін ұратын.
Көктемде бір жан көк белге шығып,
Күн салып қарап тұратын.
Уақыт-керуен, бетке алған жағым,
Қайтадан кері қайтармас.
Тұңғиық кеуде бір жан бар онда,
Ешкімге сырын айта алмас.
Сағыныш деген тәтті емес түк те,
Жүректі осу, тілгілеу.
Мен жете алмаған жағаның тасын,
Лақтырып ойнап жүр біреу!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі